Омбудсменнің ШҚО өкілі дерекқордағы қателіктен кейін жүргізуші куәлігін қалпына келтіруге көмектесті
Жеке қабылдау барысында өтініш беруші Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкіліне жүгінді. Оның сөзінше 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылған, бірақ кейін қайта емтихан тапсырып, медициналық тексеруден өтіп, куәлігін қайтарып алған.Алайда, Арнайы қызмет көрсету орталығының қызметкерлері оған жаңа жүргізуші куәлігін бермеген. Олар дерекқорда талапкердің қайталама емтихан мен медициналық тексеруден өткенін көрсететін деректердің жоқтығын жеткізді.Уәкіл өкілі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшылығымен бірге өтініш берушіге жаңа жүргізуші куәлігін алуға көмектесті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -