Қорғаныс ведомствосында Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы әскери атташені таныстырды
ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов үнділік әріптестерімен келіссөздер жүргізді.
Хаттамалық кездесу полковник Дхирадж Раманандтың Қазақстандағы Үндістан Елшілігі жанындағы әскери атташе миссиясының аяқталуына байланысты өтті. Полковник Олжас Құсайынов Үнді дипломатының екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, оған одан әрі табыс тіледі.
Полковник Дхирадж Рамананд ағымдағы жылдың қыркүйегінде аккредиттелген Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің жанындағы жаңадан тағайындалған әскери атташесі полковник Панкадж Кумар Видяртаны таныстырды.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салаларда Қазақстан-Үндістан әріптестігінің тұрақты дамуына сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -