Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 850-ден астам объект бейімделген
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Қостаай облысында 854 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді.
Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.
«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20%-ы бейімделуге жатады.
Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.
Осы жылдың соңына дейін Қостанай облысы бойынша 764 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде қазіргі уақытта 854 объект бейімделген.
Мәселен, өңірдегі 854 объектінің ішінен төмендегі объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:
- мемлекеттік ұйымдар – 264;
- денсаулық сақтау объектілері – 90;
- білім беру объектілері – 231;
- мәдениет нысандары – 93;
- сауда және қызмет көрсету объектілері – 96;
- спорт нысандары – 21;
- көлік инфрақұрылымының объектілері – 5;
- қоғамдық тамақтандыру объектілері – 4;
- әлеуметтік қорғау объектілері – 6;
- басқалары – 44
Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 61 тексеру жүргізді, оның ішінде: 7-еуі жоспардан тыс тексерулер, 22-сі профилактикалық бақылау шеңберінде және 32-сі прокуратураның талабы бойынша тексерулер болды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 26 ұйғарым берілді, 2,3 млн теңгеден астам сомаға 4 әкімшілік айыппұл салынды.
Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -