Пара волейболдан Бразилия құрамасының капитаны Астанада өткен эко акцияға қолдау білдірді
Астанада парар волейболдан Қазақстан мен Бразилия құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті. Бразилия құрамасының капитаны «Таза Қазақстан: Астана – тәртіп пен тазалықтың үлгісі» ауқымды экологиялық акциясына қолдау білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бразилия құрамасының капитаны Ренато Лейте елордадағы эко акцияға қатысты пікір білдірді.
«Біз Астанаға мықты ұжыммен бірнеше жолдастық кездесу өткізу үшін келдік. Астанада «Таза Қазақстан» атты акция өтіп жатқанынан хабардармыз. Ол бізге, яғни бразилиялықтарға ұнамды бастама әрі біз бұл акцияны сөзсіз қолдаймыз. Біз сауда орталығында ғана болдық, жолдастық ойындар аяқталғаннан кейін ғажайып қаланы аралағымыз келеді», - деді бразилиялық пара волейболшы.
Сөз арасында бүкіл команда атынан жылы қабылдағаны үшін қазақстандықтарға алғыс айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -