Президент өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешен құру және оның қызметін реттейтін үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңына қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Құжат инфрақұрылым нысандарын салуға инвестициялар тарту, кешенді басқару, салық салу, валюталық бақылау және өткізу тәртібімен байланысты негізгі мәселелерді реттейді.
Кешен аймақтық экономиканы дамытуға, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда байланыстарды нығайтуға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -