ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРІЛУ МАҚСАТЫНДА ЖЫЛЫНА БІР РЕТ УРОЛОГҚА ҚАРАЛУ ҰСЫНЫЛАДЫ
Урологтар несеп-жыныс жүйесі ағзалары ауруларының ешқандай симптомдары мазаламаса да, жылына кемінде бір рет дәрігерге қаралуға кеңес береді. Профилактикалық тексерулер, несеп талдауы және УДЗ ауыр және тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың туындауынан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Бүгін, 2 қазанда урологтар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Қазақстанда урология қарқынды дамып келеді, ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, диагностика мен хирургияда заманауи цифрлық және лазерлік технологиялар кеңінен пайдаланылады, урологиялық ауруларды емдеудің жаңа хаттамалары сәтті енгізілуде. Қазақстандық дәрігерлер эндоскопия мен лапароскопияның көмегімен аз инвазивті, яғни жарақаты аз операцияларды кесусіз пайдаланады.
Урологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -