QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS 2025: 5 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ПОЗИЦИЯЛАРЫН ЖАҚСАРТТЫ
2024 жылғы 5 маусымда QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы халықаралық талдау агенттігі 2025 жылғы әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаңа шығарылымын – QS World University Rankings 2025 шығарды.
Қазақстан рейтингте 21 жоғары оқу орнынан ұсынылды, оның бесеуі жақсарды, төртеуі өз позицияларын сақтап қалды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қала отырып, әлемнің үздік 200 жоғары оқу орны қатарына оралады.
Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 163-ші орынға ие болды, бұл өткен жылғы нәтижеден 67 позицияға жақсы көрсеткіш.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының нәтижелері
163 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
=321 Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
=405 Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
621-630 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
671-680 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
671-680 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
801-850 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
851-900 Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
901-950 Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
951-1000 Алматы технологиялық университеті
951-1000 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
951-1000 С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
1001-1200 Қазақстан-Британ техникалық университеті
1001-1200 Нархоз Университеті
1001-1200 КИМЭП Университеті
1201-1400 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
1201-1400 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
1201-1400 С. Демирел атындағы Университет
1201-1400 С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті
1401+ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
1401+ М. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (355 орыннан 321 орынға) мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (481 орыннан 405 орынға) көрсеткіштері жақсарды. Жақсару Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де бар (671-680 орын).
Рейтингте Қазақстанның академиялық бедел және жұмыс берушілер арасындағы бедел сияқты индикаторлар бойынша көрсеткіштері айтарлықтай жақсарғаны атап өтілді.
Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан "Жұмыс берушілер арасындағы бедел" индикаторы бойынша ең жақсы нәтижелерге қол жеткізді, бұған Орталық Азия өңірінің әрбір еліндегі рейтингке қатысушы барлық жоғары оқу орындары үшін осы индикатор бойынша есептелген орташа мәндер дәлел бола алады.
Рейтингке қатысушы 21 қазақстандық ЖОО-ның 19-ы "Академиялық бедел" және "Жұмыс берушілер арасындағы бедел" индикаторлары бойынша көрсеткіштерді жақсартты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) беделді индикаторлар бойынша ең жақсы нәтижелерді көрсетті, олардың ішінде "Жұмыс берушілер арасындағы бедел" бойынша ҚазҰУ-дың әлемдегі 77-ші орны ерекше көзге түседі.
Қазақстандық университеттер академиялық бедел мен жұмыс берушілер арасындағы бедел көрсеткіштері бойынша сенімді өсуді көрсетті, қазақстандық жоғары оқу орындарының үштен екісі "Оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы" индикаторы бойынша көрсеткіштерді жақсартты.
QS аға вице-президенті Бен Саутер өз сөзінде: "Қазақстандық жоғары оқу орындарының академиялық ортада беделін кеңейтіп, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды жақсартып, қазіргі жоғары білім берудегі екі негізгі беделді құрамдас бөлік бойынша позицияларын арттырып жатқаны қуантады. Төрт қазақстандық университет "Түлектердің жетістіктері" индикаторы бойынша Топ-500-ге кірді және Қазақстанның басқа ЖОО-лары өздерінің күш-жігерін еңбек нарығында білімдері мен дағдылары талап етілетін және табысты мансапқа сенуге мүмкіндік беретін мамандарды даярлауға жұмылдыра отырып, салалық ұйымдармен ынтымақтастық және түлектерді жұмысқа орналастыру стратегияларын іске асыру саласындағы тәжірибелерін зерделеуі тиіс. Сонымен қатар, ЖОО сапалы білім алу орталығы ретіндегі беделін одан әрі арттыру үшін ғылыми зерттеулердің мұқият ойластырылған стратегиялары және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарға қатысу қажет", - деді.
Сергей Христолюбов, QS өңірлік директоры: "Жаңа рейтингтің нәтижелері Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары позицияларының өсуімен сипатталады, ал рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындары тізімінің төменгі бөлігінде ғылыми өнімділік, интернационалдандыру, орнықты даму және түлектердің жетістіктері көрсеткіштері бойынша одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктері айқын көрінеді. Негізгі міндеттердің қатарында оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларға тартылуын арттыру, ғылыми басылымдарда жоғары квартилдердің қатысуын одан әрі арттыру және жақын және алыс шет елдердегі ғылымды қажет ететін экожүйелермен және білім орталықтарымен неғұрлым белсенді өзара іс-қимыл жасау қалады".
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы ғылымометриялық көрсеткіштер мен ТДМ индикаторларын ұлғайту арқылы есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді.
Жалпы, жоғары оқу орындарының қозғалысы эволюциялық жолмен бір топтан екінші топқа, мысалы, топ-50-ден топ-100-ге немесе керісінше, мысалы, топ-100-ден топ-300-ге дейін немесе күрт өзгерістер байқалмайтынын атап өткен жөн.
Жоғары оқу орындарының айтарлықтай қозғалысы топ-300 деңгейінен және одан төмен болды. Топ-50 және топ-100-ге кіретін жоғары оқу орындары нәтижелердің тұрақтылығын көрсетті. Төменгі позициялардағы барлық жоғары оқу орындары әдіснаманы күшейту кезінде өздерінің тұрақсыздығын көрсетті.
Министрлік жоғары оқу орындарының ұжымдарын жетістіктерімен құттықтайды және әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен бәсекелестікте одан әрі табыстар тілейді!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -