ҚР Әділет Министрі Азамат Есқараев Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэтрин Линчпен кездесті
Аталған кездесуде Әділет министрі Кэтрин Линчке екі ел арасындағы өзара іс қимылының одан әрі тиімді салаларын айқындау үшін министрліктің құрылымы мен құзыретін таныстырды.Сондай-ақ, Министр елдегі соңғы құқықтық реформалар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануына тоқталып өтті.Өз кезегінде Кэтрин Линч қабылданған реформалардың оң әсерін атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өткізілген кездесудің тиімділігін және одан әрі өзара іс қимылды арттыру қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -