ҚР Әділет министрлігінде «Қазақстан Республикасының аумағында босқындарға пана беру бойынша ұлттық заңнамаға шолу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен UNHCR БҰҰ Босқындар істері жөніндегі агенттігімен бірлесіп, 400-ден астам адвокат пен заң кеңесшілеріне халықаралық босқындарды қорғаудың құқықтық негіздері және пана беру туралы ұлттық заңнама негізінде бірлескен тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты қатысушылардың пана беру жөніндегі ұлттық заңнамасы мен тәжірибелерін, сондай-ақ босқындарды қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды түсінуі бойынша біліктілігін арттыру болды.
Тренинг Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығымен бекітілген «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының» ережелеріне сәйкес өткізілді.
Тренингке босқындар мен пана іздеушілерге құқықтық көмек көрсетумен айналысатын 60-ден астам адвокат пен заң кеңесшілері қатысты. Бұдан бөлек 350-ден астам адам кездесуге онлайн қосылды.
Сессия тақырыптарына халықаралық қорғаныс тұжырымдамасы «босқын» терминінің анықтамасы, босқын мәртебесін анықтаудың процедуралық стандарттары, шыққан ел туралы ақпарат және пана беру мәселелері бойынша істер жүргізу мәселелері кіреді. Іс-шара көші-қон процестерін құқықтық реттеуді жетілдіруге және пана іздеушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды қолдайды.
1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы Хаттамаға қосылып, босқындарды қабылдайтын басқа елдермен жауапкершілікті бөлісуге және босқындарға қауіп төндірмеуге, оларға өз аумағына кіруге рұқсат беруге, пана берудің сапалы рәсімдері мен қорғауға қол жеткізуге, сондай-ақ адамның негізгі құқықтары және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын сақтауға міндеттеме алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -