ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова ДЗМҰ Бас директоры Дарен Тангпен кездесті
Әділет вице-министрі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Дарен Тангпен кездесіп зияткерлік меншіктің жаһандық экожүйесін дамытудың негізгі бағыттары мен Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Дарен Танг ұйым жұмысындағы инклюзивтіліктің, тепе-теңдік пен динамиканың маңыздылығын атап өтті.
Ол ДЗМҰ қызметі тұтастық пен ашықтық қағидаттарына негізделген барлық мүше мемлекеттердің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатынын атап өтті.
Ботагөз Жакселекова мен Тан мырза қазіргі жылдам өзгеріп жатқан әлемдегі зияткерлік меншік саласының келешегін талқылады. Тараптар инновациялар мен зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау үшін өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығына атап өтті.
Айта кетерлігі ДЗМҰ-ға тағайындалғанға дейін Дарен Тан Сингапурдың Зияткерлік меншік бюросын басқарды және ДЗМҰ авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -