ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова ДЗМҰ өкілдерімен кездесті
Әділет вице-министрі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Бас директорының орынбасары Сильви Форбен және ДЗМҰ Бас директорының көмекшісі Марко Алеманмен кездесті.
Бас директор Сильви Форбенмен кездесу барысында авторлық құқықты дамыту, осы саладағы заңнаманы жетілдіру және шығармашылық салаларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
ДЗМҰ-ның авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы бағдарламаларын, сондай-ақ авторлар мен шығармашылық салаларды қолдау жөніндегі іс-шараларды қадағалайтын Сильви Форбен Қазақстандағы авторлық құқық саласындағы заңнаманы дамыту үшін инклюзивтілік пен қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар авторлардың мүдделерін қорғаудағы олардың рөлінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы ұжымдық құқықтарды басқару ұйымдарының (ҰҚБҰ) даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы авторлық құқық саласындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша одан әрі жоспарлар қарастырылып,
зияткерлік меншік (IP) экожүйелері мен инновацияларды дамытуға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Жаһандық инновация индексіне ерекше назар аударылды. Онда Қазақстан 2023 жылы 132 елдің арасында 81-орынға ие болған болатын. Тараптар осы индекстегі Қазақстанның позициясын жақсарту және елдің инновациялық әлеуетін нығайту стратегияларын әзірлеу мүмкіндіктерін қарастырды.
Вице-министр авторлар мен шығармашылық салалар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстанда инновацияны дамыту және зияткерлік меншікті тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ДЗМҰ-мен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -