ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ КӨПТЕН КҮТКЕН 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Демографиялық жағдайды жақсарту үшін 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби»бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 8 мыңға жуық көптен күткен бала дүниеге келді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.
«Әйелдердің денсаулығын нығайту және профилактикалық тексерулермен, прегравидалық даярлықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін «Аналар саулығы»бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындық жүргізу бойынша клиникалық хаттама бекітілді, онда халықаралық ұсынымдар ескерілді», - деп атап өтті ҚР ДСМ департаментінің басшысы.
Жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге еліміздің 240 перзентханасында медициналық көмек көрсетіледі, 9 мыңнан астам төсек орналастырылған, оның 43%-ы әйелдерді ауылдық деңгейде қабылдайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -