ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру
2024 жылғы 19 тамызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиевтің Ақмола облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің мекен-жайы: Көкшетау қаласы Сатпаев көшесі 1А
9:00 – 10:00 - азаматтарды жеке қабылдау;
10.00 – 12.00 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
11.30 – 12.00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8(776)9860793, және электрондық мекен-жайға: maksut.k@internet.ru. Жеке қабылдауларға жазылу үшін тел. 8(776) 986 07 93.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице- министріне сұрақ қоюға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -