ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Астана қаласының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру
2024 жылғы 14 тамызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаевтың Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесудің мекен-жайы: Сарыарқа даңғылы 13, 2 қабат, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді.
10:00-11:00 - азаматтарды жеке қабылдау;
11:00-12:30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
12:30-13:00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Онлайн – көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: + 7 (775) 921-04-21 және электрондық мекен-жайға: nur-ecodep@ecogeo.gov.kz.
Жеке қабылдауларға жазылу үшін тел +7 (705) 363-91-77.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице- министріне сұрақ қоюға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -