Ірі гидроэлектр станцияларының құрылысына ЖЭК бойынша аукцион өтті
2024 жылғы 12 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 101 МВт құрады.
2024 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 41.23 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға ауқымы 41.23-тен 40.93 теңге/кВтсағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеудің белгіленген қуат көлемі 100-ден 101 МВт-қа дейін ұлғайтылды.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:
«Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 40.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 16 МВт, аукциондық бағасы 40.94 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 40.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Cascade NRG» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 41 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз); «Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 41.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ, USAID және ЕҚДБ өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтті.
ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/
ҚР БЭЖ барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 13 қарашаға жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -