ҚР ҰҚК Академиясының конференциясы туралы
2024 жылғы 9-11 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының 50 жылдығына орай
«
Академиялық серіктестік – қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараға ШЫҰ АТҚҚ, ТМД ТҚО, ОАӨАҮО халықаралық өңірлік ұйымдарының, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан қауіпсіздік органдарының жоғары оқу орындарының делегациялары қатысты.
Қауіпсіздік Кеңесінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, жетекші ұлттық университеттердің, Әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының, ғылыми-талдау мекемелерінің қауымдастығының басшылары мен сарапшылары Қазақстан тарапынан өкілдік етті.
Конференцияда ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы, оның ішінде ШЫҰ, ТМД және ОАӨАҮО қызметі шеңберінде академиялық әріптестіктің өзекті мәселелері қаралды.
Конференцияға қатысушылар арнаулы және құқық қорғау органдарының білім беру мекемелері үшін қолда бар диалог алаңдарын дамыту және жаңаларын қалыптастыру перспективаларын өзектеді. Бұдан басқа, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірлескен ғылыми-қолданбалы зерттеулердің бағыттарын айқындады.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -