Ірі көлемді жою туралы жасырын нарколаборатория
2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" ЖСН және прокуратура органдарыныңүйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам "мефедрон", 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.
"Қара нарықта" алынған есірткінің құны 4,2 млрд. теңгені, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -