ҚР Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітіледі
Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық акт «Ғылым және технологиялық саясат туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарының нормаларына сәйкес қабылданады.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 5 қыркүйегіне дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15178459 сілтеме бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -