ҚР ОСК Төрағасының Оңтүстік Кореяға сапарының қорытындысы бойынша «DIPLOMACY JOURNAL» журналында жарияланымның аудармасы
«Дипломатия» Журналы
Дипломаттар мен халықаралық қатынастар мамандарына арналған журнал
Мамыр, 2024 жыл
Төраға Әбдіровтің сапары Кореямен сайлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Ол Кореяның Ұлттық сайлау комиссиясының Төрағасы Но Тхэ-ак-пен кездесті.
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2024 жылғы 4-12 сәуірде парламенттік сайлауды байқау және серіктестерімен кездесу үшін, сондай-ақ Сеулде өткен Халықаралық сайлау форумына қатысу үшін болды.
Оның сапары екіжақты ынтымақтастық пен білім алмасу арқылы Қазақстанның сайлау процестерін жетілдіруге бейілділігін атап өтті.
Ол сондай-ақ Корея Республикасының ҰСК Төрағасы доктор Но Тхэ-ак-пен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында төраға Әбдіров тәжірибе алмасуға, әсіресе сайлауды ұйымдастыру, сайлаушылардың қатысуы және технологиялық инновациялар салаларына үлкен қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, төраға Әбдіров Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының Бас хатшысы доктор Джангпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында бүкіл әлемдегі сайлау институттары арасында бірлескен зерттеулер өткізу мен білім алмасудың маңыздылығын көрсете отырып, сайлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
Сеул Халықаралық сайлау форумында Төраға Әбдіров Қазақстанның жуырда іске асырылған конституциялық реформасын, сайлау жүйесін түрлендіру және елдің демократиялық қағидаттарға және халықаралық стандарттарды ұстануға бейілділігі туралы сөз сөйледі.
Жалпы, Төраға Әбдіров Оңтүстік Корея сияқты халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру арқылы Қазақстанның адал сайлау мен демократиялық құндылықтарды қамтамасыз етуге деген бейілділігін тағы да растады.
Дереккөз:
https://djournal.kr/news/article.html?no=23570
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -