ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары ТЖМ Командалық орталығына келді
Бүгін ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің төрағалығымен ТЖМ Командалық орталығында Парламент Мәжілісінің депутаттарымен жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға мәжілісмендер Арман Қалықов, Бауыржан Смағұлов, Мұқаш Ескендіров, ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы қатысты.
Кездесу барысында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев күштер мен құралдарды үйлестіру жүйелерін цифрландыру туралы айтты. Халық қалаулыларына төтенше жағдайларды болжау мен мониторинг жүргізуге арналған ведомствоның жаңа инновациялық тәсілдері көрсетілді.
Сонымен қатар Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ағымдағы мәселелері, оның даму тұжырымдамасы және аумақтық бөлімшелерінің қызметі талқыланды.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде объектілерді цифрландыруды ескере отырып, барлық нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралатын болады, объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылымды дамыту және тиісті орталықтар құру, сондай-ақ мемлекеттік инспектордың кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі қойылатын талаптар ішінара күшейтілетін болады», - деп ведомство басшысы атап өтті.
Айта кетейік, ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті биылғы жылдың басынан бастап өндірістік объектілерде 545 тексеру, сондай-ақ 148 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 19 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік бұзушылықтары анықталды. 110 адам 49 млн. астам теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -