ҚР СІМ-де Халықаралық Қызыл Крест Комитетімен одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Астана, 2024 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) өңірлік директоры Ариан Бауэрді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар ҚР мен ХҚКК арасындағы ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанда және басқа да халықаралық алаңдарда өтетін алдағы іс-шараларды талқылады.
А. Бауэр ХҚКК-ға өзінің гуманитарлық миссиясын орындауда ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Қазақстанның өз азаматтарын қарулы қақтығыстар аймағынан, атап айтқанда Сирия мен Ирактан қайтару жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.
Өз тарапынан қазақстандық дипломат Қазақстан Үкіметінің ХҚКК-мен тығыз ынтымақтастығын жоғары бағалады. Халықаралық гуманитарлық құқық бойынша ҚР мемлекеттік органдары үшін түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу арқылы біздің еліміздің одан әрі бірлескен жұмысқа бейілдігін растады.
ХҚКК – негізгі мақсаты бүкіл әлем бойынша соғыс, зорлық-зомбылық және гуманитарлық апаттар құрбандарына көмек көрсету болып табылатын бейтарап және тәуелсіз халықаралық ұйым.
ХҚКК өз қызметін Орталық Азия елдерінде 1992 жылдан бастап жүзеге асырады. ХҚКК-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігі Ташкент қаласында орналасқан. 2019 жылғы шілдеде Астанада ХҚКК өкілдігі ашылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -