ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аудитінен кейін мемлекеттік мүлік сауда-саттығына қатысушыларға 115 млн теңгеге кепілдік жарналары қайтарылды: Астана қаласы, 17 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аудитінен кейін мемлекеттік мүлік сауда-саттығына қатысушыларға 115 млн теңгеге кепілдік жарналары қайтарылды

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аудитінен кейін мемлекеттік мүлік сауда-саттығына қатысушыларға 115 млн теңгеге кепілдік жарналары қайтарылды

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аудитінен кейін мемлекеттік мүлік сауда-саттығына қатысушыларға 115 млн теңгеге кепілдік жарналары қайтарылды

Мемлекеттік меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға 115 млн астам теңге талап етілмеген кепілдік жарналары қайтарылды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілуде.   «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның қызметіне аудит жүргізу кезінде жалпы сомасы 131 млн астам теңгеге 3 600-ден астам сауда-саттыққа қатысушының талап етілмеген кепілдік жарналарының бар екендігі анықталды. Жоғары аудиторлық палата оларды қайтару бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.   2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша тиісті портал пайдаланушыларына 115 млн астам теңгеге кепілдік жарналары немесе жалпы соманың 87,8%-ы қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.   Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін e-qazyna.kz веб-порталы мемлекеттік мүлік тізілімі және тиісті сауда-саттық туралы мәліметтерге ресми қол жеткізу нүктесі болып танылды. Бұл өзгеріс те Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша енгізілді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<b>Мемлекеттік меншік объектілерін сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға 115 млн астам теңге талап етілмеген кепілдік жарналары қайтарылды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде жүргізілуде.</b>   «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның қызметіне аудит жүргізу кезінде жалпы сомасы 131 млн астам теңгеге 3 600-ден астам сауда-саттыққа қатысушының талап етілмеген кепілдік жарналарының бар екендігі анықталды. Жоғары аудиторлық палата оларды қайтару бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.   2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша тиісті портал пайдаланушыларына 115 млн астам теңгеге кепілдік жарналары немесе жалпы соманың 87,8%-ы қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.   Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін e-qazyna.kz веб-порталы мемлекеттік мүлік тізілімі және тиісті сауда-саттық туралы мәліметтерге ресми қол жеткізу нүктесі болып танылды. Бұл өзгеріс те Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша енгізілді.

Аймақтағы жаңалықтар