ҚР Жоғары аудиторлық палатасы мен Дүниежүзілік банк мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады
Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін арттыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.
Биыл Дүниежүзілік банк Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның жоғары аудит органдарына қолдау көрсету жөніндегі өңірлік жобаға қаржы бөлді. Өңірлік жоба аясында тиімділік аудиті және қаржылық аудит бойынша тренингтер өткізілді. Сондай-ақ тиісті әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді.
«Оларды сынақтан өткізу қазан айында Қырғызстанда өткізілетін бірлескен пилоттық аудит шеңберінде жүзеге асырылатын болады. ҚР Жоғары аудиторлық палатасы пилоттық аудитке қатысатын аудиторлық топты құрып та қойды», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Өңірлік жоба шеңберінде мемлекеттік аудитті жетілдіру мәселелері бойынша Еуропа елдерінің бірінің жоғары аудит органымен тәжірибе алмасу жоспарлануда. Ал соңғы кезеңде аудиторлық рәсімдерді мониторингілеу және қайта қарау бойынша нақты жоспар әзірленетін болады.
«Біз Дүниежүзілік банктің Орталық Азия өңірінің жоғары аудит органдарына қолдауын бағалаймыз. Бұл жоба мемлекеттік аудит жүйесінің серпінді дамуына ықпал етеді деп сенемін», — деп атап өтті Палата төрағасы.
Әлихан Смайылов сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Мемлекеттік шығындар мен қаржылық есептілікті бағалау жобасының (PEFA) маңыздылығын атап өтті. Ұйым жобаны Қазақстанда 2024-2025 жылдары қайта өткізгісі келеді. Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның бұл бастаманы қолдауға дайын екендігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, PEFA-ның Қазақстан үшін бағалауы соңғы рет 2018 жылы жарияланған болатын. Жалпы оның шеңберінде мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі тиімділігінің 7 параметрі бағаланады:
бюджеттің дұрыстығы, ашықтығы; активтер мен міндеттемелерді басқару; салық-бюджет стратегиясы; бюджеттің атқарылуын болжау және бақылау; есепке алу және есептілік; сыртқы бақылау және аудит.Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Жоғары аудиторлық палатаның жылдар бойы Дүниежүзілік банктің сенімді серіктесі екенін атап өтіп, нәтижелі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Оның айтуынша, Жоғары аудиторлық палата Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы түрлі салалардағы жобаларының тиімділігін арттыру және іске асырылуын жеделдету мәселелерінде үлкен рөл атқара алады.
Өз сөзінде ол PEFA-ның ҚР үшін қайта бағалауының маңыздылығын атап өтті.
«Бұл жоба өте маңызды. Біз оны барлық елде өткізіп келеміз. Қазақстанда соңғы бағалау 2018 жылы өтті. Оны жаңартатынуақыт келді, өйткені бұл ақпарат мемлекеттік ресурстарды басқару үшін маңызды», — деді Татьяна Проскурякова.
Сонымен қатар кездесу барысында қарыз қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өңірлерде жобаларды іске асыру кезінде жаңа технологияларды енгізу және басқа да бірқатар мәселеле қозғалды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -