ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті
Отырыс шеңберінде Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының 207 бос орынға жарияланған конкурсының қорытындысын шығарды, оған 237 үміткер болды.
Олардың ішінен аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының лауазымдарына 126 адам ұсыным алды, оның 98-і алғаш рет ұсынылған заңгерлер, 28-і жұмыс істеп жүрген судьялар.
Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы мәліметтер Кеңес отырысының онлайн-трансляциясы кезінде жарияланды. Ұсынылған тұлғалар туралы толық ақпарат
Кеңестің ресми сайтында орналастырылған. Кадр резервіне аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына 91 судья алынды.
Кеңес мүшелері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия ұсынған судьялардың кәсіби қызметіне бағалау жүргізу әдістемесімене келісім берді. Кеңес қызметтен босатуға 12 судьяны ұсынды, оның ішінде: 3 - отставкаға кетуіне байланысты, 5 - өз еркімен, 1 - соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты, 3 - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімі бойынша.
Кеңес 2025 жылға арналған бос судьялық лауазымдарға конкурстар мен іріктеулер өткізу кестесін бекітті. Кесте Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында орналастырылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -