Референдум-2024: Бірінші болып келіп дауыс берген сайлаушы естелік сыйлық алды
Ақтөбе облысында таңғы 7-ден барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге дейін 569845 адамның дауыс беруге құқы бар.
Облыс орталығында орналасқан №1 орта мектеп №72 референдум учаскесіне Оразғали Шермағанбетов дауыс беру басталған сәттен ерте келіп, азаматтық белсенділігін танытты.
Зейнеткер таңғы сағат 07:00-де сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды.
«Елімізде өткен саяси науқандарға қатысып келемін. Бүгін де Конституциялық құқымды пайдаланып, азаматтық белсенділікті ұстанып, дауыс беруге келдім», - деді Оразғали Шермағанбетов.
Облыс аумағындағы барлық 530учаскеде алдымен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Ең бірінші болып келген дауыс берушілерге сыйлықтар үлестірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -