Референдум: Ақтөбе облысында барлық 530 сайлау учаскесі жұмыс істей бастады
Ақтөбе облысында 530 сайлау учаскесі ашылды, олардың барлығы таңғы сағат 7-де өз жұмысын бастады. Дауыс беруге облыстың 569 мыңнан астам тұрғыны қатысуға құқылы.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысында қоғамдық көлікпен жол жүру тегін. Автобустар таңғы 6:00-ден жұмыс істей бастады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Ақтөбеліктер өз сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ өзге де ақпаратты тәулік бойы 109 қысқа нөміріне қоңырау шалып ала алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -