Республикалық референдумға дайындық аясында ҚР ОРК мүшелері еліміздің бірқатар өңірлеріне барды
13-25 қыркүйек аралығында Орталық референдум комиссиясының мүшелері 11 өңірге барып, 2024 жылғы 6 қазанда өтетін республикалық референдумға аумақтық және учаскелік комиссиялардың дайындығын тексерді, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізді.
Осылайша, ОРК Төрағасының орынбасары Константин Петров Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласына барды. ОРК хатшысы Мұхтар Ерман Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына барды. ОРК мүшелері Сабила Мұстафина, Асылбек Смағұлов және Анастасия Щегорцова Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында республикалық референдумға дайындығын тексерді.
Өңірлерде ОРК мүшелері аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерімен семинар-кеңестер өткізді.
ОРК мүшелері кеңестерге қатысушыларға осы жазда қабылданған республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндірді. Олар референдумды әзірлеу мен өткізудің ерекшеліктері, сайлау заңнамасының негіздері және оны электоралды процесте қолдану тәжірибесі туралы айтты. Электоралдық науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктері, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, электоралдық оқыту, ұлттық және халықаралық байқаушылардың жұмысы және т. б. мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.
Өз кезегінде уәкілетті мемлекеттік органдар өңірлерде референдумға қатысуға, науқанды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар азаматтар үшін референдум учаскелерінің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге, референдум науқанына қатысушылардың заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруға, дауыс беру күні учаскелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және учаскелерге бюллетеньдерді жеткізуге, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ өңірлердегі консультациялық call-орталықтардың жұмысы және дауыс берушілер тізімінде азаматтарды тексеру үшін онлайн-сервистер мен телеграмм-боттарды іске қосу туралы баяндады. Сондай-ақ, дауыс беруге арналған белгілі бір учаскелерде онлайн-сервис қолжетімді болады, оның көмегімен тіркеуі жоқ азаматтар тікелей учаскеде тіркеліп, дауыс бере алады.
Барлық барған өңірлерде комиссиялар мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық құзыреттілігін арттыруға баса назар аударылады.
Комиссиялар мүшелерін үй аралау және дауыс берушілерге жеке шақыру қағаздарын тапсыру қажеттілігіне бағдарлай отырып, алдағы республикалық референдум туралы азаматтарды жүйелі және уақтылы хабардар етудің маңыздылығы туралы айтылды.
Семинардың тәжірибелік бөлігі «Дауыс беру күні» атты іскерлік ойыны түріндегі АКР және УКР мүшелері үшін дауыс беру күніндегі іс-қимылдардың тәжірибеге бағдарланған әдістері мен алгоритмін қолдана отырып, қолданыстағы электоралдық тәжірибесі мен заңнамаға сәйкес олардың практикалық шешімдері негізінде кейстік жағдайларды пысықтай отырып, жүзеге асырылды.
Семинар-кеңестердің қорытындысы бойынша ОРК мүшелері аумақтық және учаскелік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Оқыту барысында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дәріскерлерге бірқатар сұрақтар қойып, элекоралдық науқаны барысында туындайтын жағдайлар бойынша толық жауаптар алды.
Сондай-ақ, жұмыс сапарлары аясында ОРК мүшелері бірқатар аумақтық және учаскелік комиссияларға барып, алдағы республикалық референдум бойынша олардың жұмысын бағалады. Кездесулерде заңнаманы қатаң сақтауды, дауыс беру құпиясын, сондай-ақ референдум өткізудің барлық кезеңдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -