Өңірлік кадрлық резерв: Ақтөбе облысының әкімі үміткерлермен әңгімелесті
Ақтөбе өңірінде өңірлік кадрлық резервке іріктеудің соңғы сатысы – кандидаттармен сұхбаттасу өткізілді. Оған облыс басшысы Асхат Шахаров қатысты.
Сондай-ақ, іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында кандидаттармен сұхбаттасу кезеңіне БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әртүрлі салалардан сарапшылар шақырылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде аталған іріктеуге қатысуға 524 азамат ниет білдіріп, арнайы сайтқа тіркелді, оның 269-ы заңнаманы білуге арналған тестілеуге, 140-ы жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуге, 51-і құзыреттерді бағалауға жіберілді. Аталған іріктеу сатылары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының базасында өткізілді.
Осылайша, құзыреттерді бағалау кезеңінен жоғары ұпай жинаған 36 үміткермен құрылымдық сұхбаттасу жүргізілді. Үміткерлер облыс әкіміне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар, зауыттар салу, қалдықтарды өңдеу, су тасқынына қарсы шараларды жүзеге асыру мақсатын көздейтін жобаларды ұсынды.
Соңғы кезеңнің нәтижесіне сәйкес, өңірлік резервке 25 адам іріктеліп алынады.
Еске салайық, биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталған болатын.
Жобаның мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -