Өңірлік кездесудің қорытындысы туралы
Бүгін Алматы қаласында 2024 жылғы 18-20 маусым аралығында өткен GlobE желісінің жаңа аймақтық бөлімшесін құру жөніндегі өңірлік кеңес аяқталды.
Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде активтерді қайтару саласындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ активтерді қайтару жөніндегі кеңселер мен шет мемлекеттердің басқа да құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу үшін қолданыстағы өзара іс-қимыл арналары мен желілерін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.
Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков кездесудің бірлескен ұйымдастырушылары мен қатысушыларына бірге атқарған жұмыс үшін алғыс білдіріп, активтерді қайтару саласындағы жобаларды жүзеге асыруға дайындық білдірді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -