Құрметті қазақстандықтар!: Астана қаласы, 04 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Бұл күн - ұлт бірлігі, ел тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттауға арналған маңызды мереке.

Қазақстан Туы, Елтаңбасы мен Гимні мемлекеттілік пен тәуелсіздікті, ұлттық рухты бейнелейді, біздің тарихымызды, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді еске салады, Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырады.

Мемлекет басшысы     Қасым-Жомарт Тоқаев     өз сөзінде: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», – деген болатын.

Расымен де, ел егемендігінің айқын бейнесі саналатын рәміздер халқымыз үшін қадірлі. Өйткені, сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз осы жолда қан төгіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Келешек ұрпағының тәуелсіз, керегесі кең елде өмір сүруіне барын салды.

Тәуелсіз Қазақстан осы бір қасиетті тұғырынан таймай, тұрақтылық жолында гүлдене бергей.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Ақпарат көзі: Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

Бұл күн - ұлт бірлігі, ел тәуелсіздігінің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттауға арналған маңызды мереке.

Қазақстан Туы, Елтаңбасы мен Гимні мемлекеттілік пен тәуелсіздікті, ұлттық рухты бейнелейді, біздің тарихымызды, мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді еске салады, Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырады.

Мемлекет басшысы     Қасым-Жомарт Тоқаев     өз сөзінде: «Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», – деген болатын.

Расымен де, ел егемендігінің айқын бейнесі саналатын рәміздер халқымыз үшін қадірлі. Өйткені, сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз осы жолда қан төгіп, ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Келешек ұрпағының тәуелсіз, керегесі кең елде өмір сүруіне барын салды.

Тәуелсіз Қазақстан осы бір қасиетті тұғырынан таймай, тұрақтылық жолында гүлдене бергей.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, Отанымыздың игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Аймақтағы жаңалықтар