ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ОТАНДАСТАР!
Біздің басты ұлттық мерекеміз - Республика күнімен құттықтаймын! Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі, қазіргі және болашақ ұрпақтың әл-ауқаты мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарланған негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында отандық медицина айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізді.
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы кешенді қамқорлық өзінің тиімділігін көрсетуде, жастар мен жасөспірімдердің денсаулығына көп көңіл бөлінуде, аурулардың алдын алу үшін жағдайлар жасалуда, ауылдық денсаулық сақтауда елеулі өзгерістер орын алуда.
Мемлекеттік деңгейде тұрғын үй, көтерме төлемдер және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы дәрігерлердің әлеуметтік әл-ауқаты мәселелері шешілетіні қуантады.
Еліміздің медицина қызметкерлері мен барлық отандастарымыздың ұлт денсаулығын жақсарту ісіне табыс тілейміз, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын, Отанымыз өркендей берсін!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -