Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттың қорытынды кезеңі аяқталды
Түркістан қаласының «Түркістан арена» орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттарының төртінші жарыс күні өтті.
Жарыс өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю дисциплинасы бойынша өткізілді. Төртінші кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Ерлер арасында өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша жүлдегерлер:
1 орын - Ақтөбе облысы (26,36 сек.)
2 орын - Қарағанды облысы (27,07 сек.)
3 орын - Батыс-Қазақстан облысы (27,81 сек.).
Әйелдер арасында өрт мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю бойынша жүлдегерлер:
1 орын - Қостанай облысы (28,18 сек.)
2 орын - Алматы қаласы (30,56 сек.)
3 орын - Ақтөбе облысы (30,58 сек.).
Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:
1 орын - Астана қаласы (8 ұпай);
2 орын - Маңғыстау облысы (18 ұпай);
3 орын - Ақтөбе облысы (19 ұпай).
Турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасында жалпыкомандалық жүлдегерлер:
1 орын - Астана қаласы(11 ұпай);
2 орын - Түркістан облысы (13 ұпай);
3 орын - Шымкент қаласы (14 ұпай).
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -