С. Жақыпова Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына Еңбекминінің ақпараттық жүйелерін таныстырды: Астана қаласы, 18 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

С. Жақыпова Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына Еңбекминінің ақпараттық жүйелерін таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 45 магистрантына дәріс өткізді, оның барысында студенттерді халықты қолдауға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ведомствоның заманауи ақпараттық жүйелерімен таныстырды.

Дәріс барысында Светлана Жақыпова ведомство жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрландырудың маңыздылығына назар аудара отырып, әлеуметтік салада енгізіліп жатқан негізгі инновацияларды ұсынды.

Маңызды жобалардың бірі мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылатын Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) болып табылады. Бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы күнделікті «Электрондық хабарлама» болып табылады. Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.

Осы платформа іске қосылған сәттен бастап 2,2 миллионнан астам азамат қажетті мемлекеттік қызметтерді пайдаланды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу де басымды болып табылады. Электрондық еңбек биржасының (enbek.kz) экожүйесі жұмыс берушілерді, жұмыскерлерді және мемлекеттік құрылымдарды бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді ұштастырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартады. Жасанды интеллектті қолдану арқылы платформа жұмыспен қамту қызметтерін ұсыну процесінде адами факторды азайтады, кадрларды іріктеуде жоғары дәлдікке қол жеткізеді және жұмыс іздеушілер үшін мансап жолдарын оңтайландырады. Бұл еңбек нарығының барлық қатысушылары арасындағы тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде азаматтар қажетті жұмысқа орналасып, жұмыс берушілер – қажетті кадрлар, ал мемлекет – оң экономикалық нәтиже алады.

Онлайн оқыту платформасы (skills.enbek.kz) сертификат алу мүмкіндігі бар 603 курсты ұсынады, оның 271-і тегін. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталы (business.enbek.kz) гранттарға өтініш беруге және қаражаттың пайдаланылуын бақылауға көмектеседі. Мамандықтарды іріктеу платформасы (mansap.enbek.kz) пайдаланушыларға еңбек нарығындағы ағымдағы үрдістерді зерделеуге, сұранысқа ие мамандықтарды талдауға және олардың мансаптық мақсаттарына неғұрлым сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік береді.

Дәрістің маңызды бөлігі еңбек қатынастары мен өндірістегі қауіпсіздікті талқылау болды. Еңбек ресурстары порталы (hr.enbek.kz) еңбек шарттарын жасасуды және штат кестесін басқаруды жеңілдетіп, Кәсіпорындардың цифрлық картасы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге ықпал етеді, ал Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу және болдырмау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Министр инклюзия мен теңдік мәселелерін де қозғады. Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. «Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесі мүгедектікті белгілеу жөніндегі бизнес-процестерді автоматтандыруға және абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеуге арналған деректер қоймасы болып табылады.

Светлана Жақыпова көші-қон процестерін бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Бірыңғай платформа (migration.enbek.kz) ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын талдайды, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануға көмектеседі.

«Барлық цифрлық технологиялар озық болып табылады. Біз Орталық Азия елдерінде де инновациялық шешімдерді масштабтауды жоспарлап отырмыз. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас директоры Жильбер Унгбоның елімізге сапары барысында осы цифрлық шешімдерден оң әсер алғанын атап өтті. Алдағы жоспарымыз – ХЕҰ-ның Қазақстандағы жобалық офисін ашу», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Соңында министр магистранттардың барлық сұрақтарына жауап беріп, бұл жүйелерді пайдалану азаматтармен өзара іс-қимылды жақсартып қана қоймай, әлеуметтік қызметтердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін, бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасына әсер ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар