С. Жақыпова ШОБ тиімділігін арттыру үшін цифрлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы хабарлады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы шеңберінде өткен «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық мемлекеттік қызметтер» панельдік сессиясында ШОБ тиімділігін арттыру үшін Қазақстанда электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы әртүрлі елдердің сарапшыларына айтып берді.
Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) туғаннан бастап, білімі, жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдауға дейінгі барлық өмірлік жағдайларын қамтитын цифрлық экожүйені қалыптастырғанын хабарлады.
«ШОБ дамыту тұрғысынан экожүйе кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікке жәрдемдесу және т. б. сияқты белсенді мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Қызметтердің сапасы мен жылдамдығы дағдыларды дамыту, сапалы жұмыс орындарын құру, еңбек ұтқырлығы арқылы кірісті арттыруға тікелей әсер етеді.
«Платформалық жұмыспен қамту», «Электрондық еңбек шарттары», «Дағдыларды тәуелсіз бағалау және сертификаттау» және т.б. сияқты ақпараттық сервистер мен құралдарды іске асыру ШОБ-қа даму үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Компаниялар кадрлық мәселелерді тезірек және үнемді шешуге мүмкіндік алады, бұл олардың өзгермелі нарықтық жағдайларға бейімделуін тездетеді және бизнестің тиімділігін арттырады», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.
2023 жылы Еңбекмині электрондық цифрлық қолтаңба, HR Enbek мобильді қосымшасы және eGov Mobile қосымшасы арқылы QR-қол қою арқылы электрондық еңбек шартын құру және жасасу функционалын іске қосты.
Жекелеген бағыттар салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуді және жасырын жұмыс орындарын көлеңкеден шығару үшін есептілік жүйесін қоса алғанда, платформалық қызметкерлерді ресімдеу жөніндегі жобаны іске асырады.
«Еңбек қатынастары саласында электрондық еңбек кітапшаларын, цифрлық еңбек шарттарын және басқа да электрондық сервистерді енгізу жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өзара іс-қимылының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Жұмыскерлер үшін айтарлықтай ыңғайлы еңбек жағдайлары жасалады, әлеуметтік қорғау қамтамасыз етіледі. Мемлекет үшін бұл көлеңкелі жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуін білдіреді, бұның өзі сайып келгенде экономикалық өсуді ынталандырады», – деп толықтырды ЕХӘҚМ басшысы.
Министр ШОБ-тың әлеуметтік мобильділігінің қозғаушы күші ретіндегі рөлін атап өтті.
«Бизнеспен айналысу халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға кедейліктің тұйық шеңберінен шығуға, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге бірегей мүмкіндік береді. Қазақстан кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмысқа орналасу үшін өзекті дағдыларды алу үшін шаралар мен цифрлық құралдар кешенін әзірледі. Қазіргі уақытта skills.enbek.kz платформасында 500-ден астам курс бар. 2023 жылы 140 мыңнан астам адам, оның ішінде 133 мың адам кәсіпкерлік дағдыларға оқытылды. Айта кету керек, платформаның белсенді пайдаланушылары – әйелдер мен жастар», – деді Светлана Жақыпова.
Сөз соңында ЕХӘҚМ басшысы БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (бұдан әрі – АзТМЭӘК) қолданыстағы бастамалары шеңберінде әйелдер, оның ішінде ауыл мен NEET санатындағы жастар, мүгедектігі бар адамдар сияқты халықтың топтарын ШОБ-қа тарту үшін цифрлық сервистерді дамыту жөніндегі жекелеген бағдарламаларды көздеуді ұсынды.
«Біз БҰҰ АзТМЭӘК-пен осындай бастамаларды іске асыру шеңберінде белсенді ынтымақтасуға, сондай-ақ цифрлық кәсіпкерлікті дамыту саласындағы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деп түйіндеді министр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -