«Сапалы әрі пайдалы»: JolTap жобасының қатысушысы курстың құндылығы туралы
JolTap жобасы аясында астаналықтар цифрлық және жұмысшы мамандықтарын оқып, сертификат алып жатыр. Бүгінге дейін жобаға қатысушылардың біразы техникалық мамандықтарды игерсе, басқалары цифрлық саланың тілін меңгерді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қаладағы бірнеше мекенжай бойынша орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес алады. Мұнда JolTap әлеуметтік жобасы атаулы әлеуметтік көмек, бизнесті ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша тегін кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.
Осы жоба бойынша қысқамерзімді курстан өткендердің бірі – астаналық Сандуғаш Орынбетова.
«Мен JolTap жобасы аясында «Kaspi-дегі сату негіздері» курсына қатыстым. Менің отбасыға арналған тауарлар сататын жеке дүкенім бар. Бір айта кетерлігі, менде Kaspi дүкен болғанымен тауарлар сатқан емеспін. Осы жобада курсқа қатысып, Kaspi дүкенде сатудың қыр-сырын үйрендім. Оқытушылар оның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып берді. Сабақ өте қызықты өтті. Курс аяқталған соң мен Kaspi дүкенге 25 тауарды кіргізіп, оларды сата бастадым», - деді қатысушы JolTap жобасының Instagram парақшасында.
Ал курсты аяқтаған соң қатысушыларға арнайы сертифиттар табысталған.
«Курс маған ұнады. Сабақтар өте қызықты өтті. Мұнда айтылған ақпараттар қатысушыларға, яғни бізге пайдалы болды. Курс тегін болса да, өте сапалы. Өзгелерге де осы мүмкіндікті пайдаланып, оқып алуға кеңес беремін. Сондай-ақ осындай жобаны ұйымдастырып отырған Астана қаласы әкімдігіне алғысым шексіз», - деді С.Орынбетова.
Айта кетейік, талай адамға мүмкіндігін жүзеге асыруға жағдай жасаған аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып отыр. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы кез келген елордалық қатыса алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -