Сенат Өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешен құру және оның қызметін реттеу туралы үкіметаралық келісімді мақұлдады
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті арасындағы Өнеркәсіптік сауда-логистикалық кешен (ӨСЛК) құру және оның қызметін реттеу туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Құжат инфрақұрылым нысандарын салуға инвестициялар тарту, кешенді басқару, салық салу, валюталық бақылау және өткізу тәртібімен байланысты негізгі мәселелерді реттейді.
ӨСЛК құру аймақ экономикасын дамытуға, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда байланыстарын нығайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.
Айта кетейік, заң жобасы бұған дейін Мәжілісте қабылданып, енді Сенаттың мақұлдауын алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -