Серіктес банк міндеттемелерін орындамаған жағдайда мемлекеттік мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатысушыларға кепілдік жарналары қайтарылады
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде мемлекеттік мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне маңызды өзгерістер енгізілді.
Өзгерістер сауда-саттыққа қатысушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Енді серіктес банк міндеттемелерін орындамаған жағдайда «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ-ға сауда-саттыққа қатысушыларға кепілдік жарналарын қайтару жөнінде жауапкершілік бекітілді.
Регламенттің жетілмегендігі мемлекеттің жекешелендіру саласындағы саясатының тиімділігіне аудит жүргізу барысында анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамасын алды. Қазіргі уақытта нұсқама орындалып, өзгерістер күшіне енді.
Сонымен бірге ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасын орындау үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ресми сайтындағы және «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ мемлекеттік мүлік тізілім веб-порталындағы электрондық сауда-саттық алаңы туралы мәліметтер өзектендірілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -