Әсет Тұрысов: УСҚ бизнес-процестерін автоматтандыруда өзіміз жасаған it-өнімдер пайдаланылатын болады
Бүгін, 2024 жылғы 26 тамызда, «Нұр жолы» уақытша сақтау қоймасында «Keden Storage System» бағдарламалық жасақтамасының таныстырылымы өтті. Бұл бағдарламалық жасақтаманы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын «Nur Zholy Customs Service» компаниясы әзірлеген.
«Keden Storage System» – біздің өзіміз дамытқан бағдарлама. QR-технологиясын пайдалану арқылы ауыр жүктасығыш көлік құралдарын есепке алуды автоматтандыруға, сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне салық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ЖСН бойынша уақытша сақтау қоймасының әрбір клиентіне-жеке тұлғасына электрондық шот-фактураларды автоматты түрде жазу арқылы жүзеге асады», - деді «Nur Zholy Customs Service» компаниясының басшысы Ерлан Хасенов.
«Keden Storage System» негізгі сипаттамалары: жүйе барлық көлік құралдарын толық бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ете отырып, машиналардың қойма аумағына кіру және шығу уақытын автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Ол қойма аумағындағы барлық машиналардың мәртебесі туралы нақты уақыт режимінде ақпарат береді, бұл процестердің ашықтығы мен басқарылуын едәуір арттырады, сонымен қатар бақылауды жеңілдетеді.
Ерлан Хасенов автоматтандырылған режимге көшу арқылы УСҚ-дағы бизнес-процестерді іске асыру уақытын 18 есеге, яғни 90 минуттан 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Қолмен басқарудан автоматтандырылған басқаруға көшу тапсырмаларды орындау уақытын айтарлықтай қысқартты және жұмыстың тиімділігін арттырды.
«Keden Storage System» жүйесін енгізу уақытша сақтау қоймаларындағы негізгі процестерді цифрландыру және автоматтандыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл жүйе жұмыстың тиімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар қажетті ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ететініне сенімдіміз. Бұл әсіресе тасымалдау көлемінің артуы жағдайында өте маңызды. «Бұл жай ғана қазақстандық IT мамандарының еңбегі емес, бұл біздің еліміздің меншікті өнімі екенін ерекше атап өткім келеді», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.
Құрылымдық IT-бөлімше «Nur Zholy Customs Service» компаниясында құрылған. QR-технологиялары кедендік және салықтық әкімшілендіру үшін автокөлік құралдарын есепке алудың ашықтығын арттыратын «Keden Storage System» бағдарламалық жасақтамадан басқа, тестілеу режимінде Мемлекеттік кірістер комитетінің Интеграцияланған деректер базасын қатар енгізу жүріп жатыр. Жоспарымызда — ішкі және сыртқы деректер көздерімен іске асырылған интеграцияларды жинау, өңдеу және сүйемелдеу арқылы Big Data платформасын интеграциялау.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -