ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғалары сотталды
Шығыс Қазақстан облыстық соты ағымдағы жылы 12 шілдеде облыстың
Көліктік бақылау инспекциясының басшысыБ. Нұралиев пен
оның орынбасарыА. Тұрақбаевқа қатысты үкім шығарды.
Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және кенді салмақ параметрлерінен асыра тасымалдау жолымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін кінәлі деп танылды, бұл мемлекетке
63 млн теңгесомасында залал келтіруге әкеп соқты.
Сот үкімімен Б. Нұралиев пен А. Тұрақбаевқа мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 және 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Телеарналарға арналған сілтеме:
https://disk.yandex.kz/d/pbAVmyREr3-RtA__
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмері арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -