ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш-құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы келісімге өзгерістер дайындалды
Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Бұл құжатқа қол қою аталған келісімге ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумақтарында Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күш-құралдары құралымдарының уақытша болуы үшін құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Хаттаманы іске асыру тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Қорғаныс министрлігінің қаражаты шегінде жүзеге асырылатын болады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 5 қарашасына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15243714 сілтеме бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -