Шегіртке жағдайы тұрақты бақылауда
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, ведомство үйірлі шегірткелеріне қарсы күрес іс-шараларын ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Осылайша, дайындық жұмыстары барысында жоғары тиімділікті көрсеткен пестицидтердің қажетті көлемін уақтылы сатып алу жүргізілді, жеткізушілер анықталды және пестицидтерді сақтау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасалды.
"Ағымдағы жылы 2,5 млн га алаңда үйірлі шегірткелерінің таралуы болжануда, бұл ретте ең көп таралуы Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарында күтілуде. Үйірлі шегірткелерінің таралу ошақтарын анықтау бойынша мониторингтік тексерулермен 15,1 млн. га немесе жоспардың 88,4% 17,1 млн. га қамтылды.
Химиялық өңдеу 2,4 млн. га алаңда немесе өңдеудің болжамды көлемінің 98,3% жүргізілді. Арнайы бүрку техникасының 427 бірлігі пайдаланылады, іс - шараларға 2500 адам қатысады", - деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.
Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында үйірлі шегірткелеріне қарсы күрес іс-шаралары толығымен аяқталды.
Жамбыл және Түркістан облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Қызылорда облыстарында азиялық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу аяқталды. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Қостанай облыстарында итальяндық прусқа қарсы химиялық өңдеу жалғасуда.
"Қазіргі уақытта Ақтөбе және Қостанай облыстарында қатты жаңбыр жауады. Жаңбыр мен қатты жел бақылау мен химиялық өңдеуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, шегірткелердің өсуі мен дамуы баяулады, бірақ тоқтаған жоқ. Шегіртке таралуы және өңдеу аймағы ұлғаюының белгілі бір қауіптері бар",-деді вице-министр.
Осыған байланысты шамамен 500,0 мың га алаңда күрес іс-шараларын жүргізу үшін пестицидтер резерві құрылды, өңірлерге қосымша техника жіберілді.
Жағдай бақылауда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -