Шымкент тұрғыны Instagram-да құмар ойындарды ұйымдастырғаны үшін сотталды
Шымкентте «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру фактісі анықталды.
Қала тұрғыны «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, тиісті лицензиясысыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқаны анықталды.
Лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды.
Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды.
Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге).
Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған.
2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты.
Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -