Шымкентте жаңа мұрал пайда болды
Құтқарушы күні қарсаңында Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қазақстандық құтқарушыларға арналған арт-нысан салынды. Мурал Шымкент қаласының орталығында, көпшіліктің назарына түсетін аймақтардың бірінде орналасқан. Құтқарушылардың жұмысы әрқашан қауіпті жағдайлармен байланысты болғандықтан, муралда өртті сөндіру және төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару сәті көрініс тапқан.
Муралды Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті «KORINIS WALL» компаниясының ұжымы жасаған. Суретшілер муралды салу үшін 4 күн жұмыс істеді.
Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан бұл бейне қазіргі заман қаһармандарының қызметін насихаттап, оларға деген құрметтің көрінісі болып табылады.
Шымкент қаласының ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -