ШЫМКЕНТТЕГІ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕОНАТАЛДЫҚ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНДЕ 40 БАЛАҒА ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында алғаш рет неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылды. Осының арқасында мамандар енді перзентхананың қабырғасында өмірдің алғашқы күндерінде ауыр аурулары, туа біткен даму кемістіктері бар балаларға шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.
Бөлімшені жарақтандыру үшін сәбилерге күрделі операциялар жүргізуге қажетті заманауи техника мен жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ құрамында неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог бар мамандар штаты жасақталған.Неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылғаннан бері орталықтың дәрігерлері 40-қа жуық нәрестенің өмірін сақтап қалды.
Шымкентте 2024 жылдың 9-шы айының қорытындысы бойынша қалада сәбилер өлімінің деңгейі 30%-ға төмендеді. Бұл медициналық ұйымдардағы отбасын жоспарлау кабинеттеріндегі медицина қызметкерлерінің белсенділігін көрсетеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Шымкент қаласында ана мен бала денсаулығын жақсарту денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -