Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін алдын алу жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тұрғын үйлердің иелеріне, көпбалалы отбасыларға және қарт азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп жатыр.
Тұрғын секторын аралау барысында ТЖД мамандары арнайы сильфонды аспиратормен пештерді тексеріп, тұрғын үйде қауіпті иісті газдың бар-жоғын анықтайды. Сонымен қатар құтқарушылар арнайы датчиктерді орнатады.
«Осындай құрылғылардың дер кезінде іске қосылуы өңірде 42 адамның, оның ішінде 31 баланың өмірін улы газдан уланудан сақтап қалуға мүмкіндік берді», – деп ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин атап өтті.
ТЖД мына ережелерді еске салды:
- жылыту маусымы басталар алдында пештерді күйеден тазарту, сондай-ақ маусым барысында үш айда кемінде бір рет, ал үздіксіз жұмыс істейтін пештерді екі айда бір рет тазарту қажет
- барлық түтін мұржалары мен қабырғалары әктелуі тиіс
- пештің алдына 50х70 см металл қаңылтыр төсеу керек
- оттықтан алынған қызған күл мен шлакты арнайы бөлінген орынға шығарып, су құйып өшіру қажет.
Пешті дұрыс орнату – пешпен жылыту жүйесінің қауіпсіз жұмыс істеуінің маңызды шарты болып табылады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -