Smart Astana: елордада сыбайлас жемқорлықты жылдам қалай хабарлауға болады: Астана қаласы, 06 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Smart Astana: елордада сыбайлас жемқорлықты жылдам қалай хабарлауға болады

Елордалықтар кез келген сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жылдам түрде хабарлай алады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасындағы «Stop сыбайлас жемқорлық» сервисін қолдану керек, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Stop сыбайлас жемқорлық» сервисі мобильді қосымшаға 2023 жылы енгізілді. Ол арқылы азаматтар сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы ақпаратты тиісті органдарға жолдай алады.

Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметіне сүйенсек, сервис азаматтардың құқықтарын қорғауға және әділ қоғамның қалыптасуына ықпал ету мақсатында әзірленген. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментімен бірлесіп жасалған.

Аталмыш сервис 3 бөлімнен тұрады. Біріншісі – «Жемқорлық бойынша шағымдану». Мұнда қала тұрғыны құқық қорғау, салық, білім беру, денсаулық сақтау, сот жүйесіндегі және өзге мемлекеттік ұйымдардағы пара талап ету дерегі бойынша шағым қалдыра алады.

Екіншісі – «Жемқорлық бойынша арыздану». Бұл бөлімде қала тұрғыны орын алған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық құқықбұзушылық бойынша арыз қалдырады. Ол үшін арызды қолмен жазып, электронды нұсқасын жолдау керек.

Үшіншісі – «Call-орталық 1424». Мұнда пайдаланушы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сall-орталығымен тікелей хабарласып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы шағымдана алады.

Stop сыбайлас жемқорлық» сервисін қолдану үшін Smart Astana қосымшасын App Store немесе Google Play дүкенінен жүктеп алып, тіркеуден өтіңіз. Қолданбаның басты бетінде «Stop сыбайлас жемқорлық» бөлімін таңдаңыз. Мұнда өзіңізге қажет түймені басыңыз. Оқиғаның болғаны туралы, орнын, күнін, байланыс деректерін хабарлаңыз. Осылайша сіздің шағымыңыз жедел қарау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментіне жіберіледі.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар