Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен «Құқықтық сағатына» қатысты
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық сағат» бастамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тікелей эфирде өз құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарының медицина қызметкерлері, сондай-ақ Уәкілдің өкілі және АҚЖУ жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшелері қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір қазақстандыққа кепілдік берілген негізгі құқықтар, соның ішінде өмір сүру құқығы, сөз бостандығы құқығы, медициналық көмек алу құқығы, білім алу құқығы және т.б. құқықтар көрсетілгенін еске салды.
«Адам құқығын қорғау – біздің ортақ міндетіміз. Біз әрбір қазақстандық азамат өз елінде өзін қорғалғандай сезінуі үшін, ешкім өз құқығын қорғаудан қорықпауы үшін жұмыс істейміз. Біз әрбір адам өз құқығы қағаздағы сөз емес, оның мүдделері мен бостандықтарын қорғаудың нақты құралы екенін білетін қоғам құруға ұмтыламыз», - деді Уәкіл.
Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын бірнеше рет айтқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Артур Ластаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты, оның қызметі және азамат құқықтарының бұзылуына тап болған жағдайда апелляциялық шағым беру жолдары туралы айтты.
«Құқықтық сағат» барысында денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде кадр тапшылығы, медициналық сақтандыру, медициналық көмекке қолжетімділік және т.б. айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық сағат» бастамасы Қазақстанның 7 облысын қамтыды, оған барлығы 20 мыңнан астам адам қатысты.
Құқықтық білім беру – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Осы жұмыс аясында 2024 жылдың 6 айында 64 мыңнан астам адам біліммен қамтылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -