Стартаптарға арналған мүмкіндіктер: Жаслан Мәдиев Кремний алқабында оқытуға қатысты маңызды құжаттарға қол қойды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Alchemist X, Stanford Healthcare Innovation Lab, Draper University және Silkroad Innovation Hub-пен төрт келісімшартқа қол қойды, олардың көмегімен Орталық Азияның 50 стартапы биыл Кремний алқабында оқыту және резиденттік бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл Цифрлық даму министрлігі, Astana Hub, Дүниежүзілік банк және FPIP жобасының қолдауының арқасында мүмкін болды.
Alchemist-тің Кремний алқабындағы бес айлық интенсивті бағдарламасы "жетілген" B2B стартаптарына арналған және олардың АҚШ нарығына сәтті шығуына қолдау көрсетуді мақсат етеді. Бағдарлама қатысушылары клиенттермен алғашқы келісімшарттарды жасауға, инвестиция тартуға, клиенттердің қажеттіліктерін зерттеуге, тәжірибелі спикерлер мен менторлармен байланыс орнатуға, сондай-ақ АҚШ-тағы тұрғын үйге және Silkroad Innovation Hub қауымдастығына қол жеткізуге жан-жақты қолдау алады.
Alchemist X бағдарламасына қатысуға 81 өтінімнің ішінен Кремний алқабына акселерацияға 10 стартап таңдалды. Олардың қатарында: cybernet.ai (Қазақстан), Parqour (Қазақстан), Axellero.io (Қазақстан), Workly (Өзбекстан), Relog.ai (Қазақстан), LoadConnect (Қырғызстан), Flowsell.me (Қазақстан), JobEscape (Қазақстан), Biometric.vision (Қазақстан), PointAI (Өзбекстан).
Сондай-ақ, 20-дан астам стартап Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысады, ол онлайн пре-акселерациялық бағдарламадан тұрады. Осы бағдарламаның нәтижесінде стартаптар Silkroad Innovation Hub-та, Пало-Альто, Калифорния, оффлайн бағдарламасына қатысу үшін іріктеледі.
Министр Draper University өкілімен кездесті және 10 қазақстандық стартаптың күзгі Hero Training бағдарламасына қатысуы туралы ниет хатқа (LOI) қол қойды. Кездесу Қазақстан мен Draper University арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін белгіледі, ол инновациялық жобаларды дамытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Бағдарлама жаңа бастап жатқан (early) стартаптарға арналған. Өткен жылы 27 қазақстандық стартап Hero Training бағдарламасынан өтіп, айтарлықтай жетістіктерге жеткенін еске саламыз, мысалы, Citix жобасы Тим Дрейперден 100 миллион доллар бағасымен инвестиция алды.
Сонымен қатар, Жаслан Мәдиев Стэнфорд медициналық мектебінің кафедра меңгерушісі, ғылым кандидаты Майкл Снайдермен денсаулық сақтаудағы терең технологиялар саласындағы 10 қазақстандық стартап үшін жаңа бағдарламаны іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Бағдарлама Stanford Healthcare Innovation Lab-те өтіп, алты аптаға созылады. Ол денсаулық сақтау, геномика, биоинформатика, биологиялық ғылымдар, дәлме-дәл медицина, нейроғылым және психология салаларында жұмыс істейтін стартаптарға арналған.
Бағдарлама қатысушылары Стэнфорд ғалымдарымен бірге өз өнімдерін жетілдіруге, АҚШ нарығына шығу стратегияларын қалыптастыруға, сату арналарын құруға және негізгі хабарламалар мен маркетингтік материалдарды оңтайландыруға мүмкіндік алады. Воркшоптар мен кездесулер бетпе-бет форматта өткізіледі, ал стартаптар тәжірибелі кәсіпкерлер мен инвесторлардан топтық воркшоптар мен іс-шаралар, сондай-ақ жеке коучинг алады.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -