Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру әдістері
Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп саласындағы талаптарын сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу туралы 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 19 маусым күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы семинар өтті.
Семинарға шақыртуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің ассистенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Әлеуметтік ғылымдар магистрі Әлібек Елеусінұлы Молданиязов пен Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен әдеп секторының бас сарапшысы Галия Убайдуллаевна Алимкулова қатысты.
Семинарда сөз алған Г. Алимкулова Қазақстандағы комплаенс қызметі, халықаралық және ұлттық стандарттар туралы және Цифрлық платформаны пайдалану арқылы ISO 37001 енгізу мәселесін, жалпы цифрлық платформаны кім енгізе алатынына, ISO 37001 парақорлыққа қарсы басқару жүйесінің стандартын құру, оңтайландыру, қолдану және инновациялық цифрлық платформаны пайдалану, оны енгізу кезеңдеріне, оның артықшылықтарына да тоқталды. Семинарға қатысушыларға кешенді ақпараттық жүйе - Цифрлық комплаенс ассистент мақсатын, платформа модулдары және қолдану нәтижелері мен пайдасы туралы мағұлмат берді.
Семинар спикері Ә. Молданиязов қызметшілерді жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру әдістерімен таныстыра келіп, өзінің Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқыған кезде диссертациялық еңбегі сыбайлас жемқорлық тақырыбында болғанын және жетекшісінің аталмыш тақырыпты зерттеу барысындағы көзқарасымен таныстырып (бейне жазбасын көрсетіп), «Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау туралы» 2008 жылғы 4 мамырдағы №31 және «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалау топтары мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №299-VІ ҚР Заңдары туралы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), 2009-2013 ж.ж. Шығыс Европа және Орталық Азия елдерінде бірқатар жетістіктер туралы, жалпы тақырыптың қаншалықты терең екендігін, сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарас 1980 жылдары, атап айтқанда 1990 жылдардың басында өзгере бастағанын, неліктен саясат әлемі сыбайлас жемқорлық туралы айта бастағаны, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, нығайту туралы айтып, Марсель Мосстың «сыйлық берудің теориясы» мәселелерін түсінікті әрі қызықты түрде жеткізді.
Сонымен қатар, бағынышты тұлғаларының сыбайлас жемқорлығы үшін, басшылардың жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгеніне, бұдан басқа, басшының ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде елемегені үшін жауапкершілігі енгізілгеніне тоқталды.
Семинарға қатысқан Министрліктің қызметшілерімен қатар, министрлікке қарасты бағынысты ұйымдардың комплаенс қызметі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдарды атқаратын қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жұмысын ұйымдастыру, сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері туралы толық мағұлмат алды.
Семинар соңында қызметкерлерге қабылданған заң талаптарынан туындаған мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар берілді.
Жансая Қаршығақызы Молдағалиева
ҚР ЦДИжАӨМ Әдеп жөніндегі уәкілі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -