Құтқарушы күні қарсаңында: психолог Гүлсезім Давлетова
Гүлсезім Давлетова Апаттар медицинасы орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының психологы болып 12 жыл жұмыс жасайды.
Бригада құрамында 3 мыңнан аса ТЖ шақыртуларға шығып, 1 мыңнан аса зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетті.
«Қазқұтқару», «Теңіз» халықаралық оқ-жаттығуларына қатысты. Түрлі ТЖ, қар құрсауы, су тасқыны кезінде зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету мақсатында «жедел желі» телефонына қатысты.
«ТЖ кезінде көмек пен қолдау мені жандандырады. Халықтың алғысына бөленудемін. Мен өз жұмысымды жақсы көремін», - дейді психолог Гүлсезім.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -